Энерго университетінің бакалавриат студенттері!

Толығырақ

Энерго университетінің бакал...

Электр энергетикалық жүйелер

Білім беру бағдарламасы электр энергиясын өндіру, беру, бөлу және тұтыну саласындағы жоғары білікті және бәсекеге қабілетті, теориялық және практикалық білімі бар, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және білім алушыларға білім беру дағдылары бар, өз бетінше ойлауға және электр қуатын қамтамасыз етуге, қоғамның прогрессивті ғылыми-техникалық, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына үлес қосатын қабілетті мамандарды дайындауға бағытталған. Білім беру бағдарламасы ғылым және техника, ғылыми-педагогикалық (оқу мерзімі ғылым магистрі дәрежесімен 2 жыл) және мамандандырылған (оқу мерзімі техника және технология магистрі дипломымен 1,5 жыл) бағыттар бойынша магистрлерді даярлауға бағытталған.

чек иконка Оқыту тілдері: қазақ, орыс

чек иконка Түр: магистр деңгейі

Электроэнергетические системы

Электр энергетикалық жүйелер

Мақсаттар

«Электроэнергетика» білім беру бағдарламасының мақсаты – электр энергиясын өндіру, тасымалдау және тарату саласында кәсіби қызмет атқаруға қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлау. Бағдарлама электр энергетикасы объектілерін жобалау, пайдалану және басқару саласында теориялық және практикалық білімді дамытуға бағытталған. Түлектер энергетика саласының инновациялық және тұрақты дамуына өз үлестерін қосуға дайын болады.

Электр энергетикасы саласының объектілерін жобалауға, өндіруді басқаруға және пайдалануға бағытталған адам қызметінің технологияларының, құралдарының, тәсілдері мен әдістерінің жиынтығын қамтитын ғылым мен техника саласы.

Ғылыми-зерттеу университеттерінде, ғылыми-зерттеу және жобалау институттарында, жоғары және арнаулы оқу орындарында және электр энергетикалық кәсіпорындарда жұмыс істеуге арналған, кәсіби қызметтің келесі түрлерін орындауға қабілетті мамандар: 

- есептік-жобалау және жобалау-конструкторлық;;

- өндірістік-технологиялық;

- ұйымдастырушылық-басқарушылық;

- ғылыми-зерттеу;

- педагогигалық.

Energo University-де оқуды бастаңыз