Түлектің кәсіби қызметінің пәндері: жылу электр станциялары; жылу электр орталықтары; жылу энергетикасының негізгі және қосалқы жабдықтары; су мен отын дайындау; жылу технологиясының процестері мен аппараттары; жылуландыру және жылу желілері; жылу энергетикасы объектілерін модельдеу және оңтайландыру әдістері мен құралдары болып табылады.Білім беру бағдарламасының оқыту траекторияларының негізгі бейіндік пәндері: ЖЭС және АЭС бу турбиналары, ЖЭС-тің қосалқы жабдықтары, жылуландыру және жылу желілері, ЖЭС-те технологиялық процестерді іске асыру, ЖЭС-тің негізгі жабдықтарын пайдалану, ЖЭС-ті жобалаудың техникалық-экономикалық негіздері, газ турбиналары мен бу-газ қондырғылары, газ турбиналы және бу-газды ЖЭС, ЖЭО-дағы бу-газ технологиялары, ПМУ бу турбиналары, Газ турбиналық және бу-газ ЖЭС негізгі жабдықтарын пайдалану, ГТУ және ПМУ жобалаудың техникалық-экономикалық негіздері.