Энерго университетінің бакалавриат студенттері!

Толығырақ

Энерго университетінің бакал...

Электр энергетикасы

6B07101 «Электр энергетикасы» білім беру бағдарламасы бойынша техника және технология бакалавры

чек иконка Профиль элементтері: математика + физика

чек иконка Оқыту тілдері: қазақ, орыс, ағылшын

чек иконка Түр: бакалавр дәрежесі

Электроэнергетика

Электр энергетикасы

Мақсаттар

Отандық және әлемдік электр энергетикасы саласы үшін кәсіби қызметте қажетті инновациялық теориялық және практикалық білімі, іскерліктері мен дағдылары бар жоғары білікті кадрларды даярлау. Білім беру бағдарламасы электр энергетикасының және экономика салаларының барлық электр энергетикалық бөлімшелерінің жұмыс істеу тиімділігін арттыруға ықпал ететін болады.

Кәсіби қызмет ету саласы қызмет көрсетудің әдістері мен тәсілдерінен тұратын технологиялар мен құралдардың жиынтығынан құралған электр энергияны өндіру тарату және жеткізу, тұтыну шарттарын жасауға бағытталған, техника мен ғылым саласы болып табылады

Бітірушілердің кәсіби қызмет көрсету нысандары электр энергиясын өндіретін, тартатын және тұтынатын кәсіпорындар болып табылады

- электр станциялары;- әр түрлі кернеу деңгейіндегі электр тораптары мен жүйелері;- электр энергетикалық жүйелерінің релелік қорғанысы мен автоматизациясы;- әр түрлі өнеркәсіп салаларындағы кәсіпорындарды электрмен жабдықтау;- қайта жаңғыртылатын және дәстүрден тыс энергия көздері;- электр механика;- жарық техникасы және жарық көздері;- технологиялық кешендердің электр жетегі мен автоматизациясы

- Электр станцияларымен қосалқы станциялар, электр тораптары және жүйелері, электр энергетикалық жүйелерінің релелік қорғанысы және автоматикасы, кәсіпорынды электрмен жабдықтау,  қайта жаңғыртылатын және дәстүрден тыс энергия көздері, электр механика, электр оқшауланған және кабелдік техника, электр технологиялық қондырғылармен жүйелер, жарық техникасы және жарық көздері, технологиялық кешеннің электр жетегі және автоматизациясы бойынша жобаларды өңдеу;

- шаруашылық және басқа да қызметтегі кәсіпорындарға сараптама және энергетикалық аудит жүргізу;

- электр тораптарына техника-экономикалық және экологиялық талдау жүргізу

- Электр станциялары;- Электр тораптары мен жүйелері;- Релелік қорғаныс және аварияға қарсы автоматика;- Инфрақұрылым объектілерін электрмен жабдықтау және энергияны үнемдеу;- Цифрлық басқаруы бар электромеханикалық түрлендіргіштер;- Жаңартылатын энергия көздері;- Smart Grid Design.

-  электр материалдары, электр машиналары, электр аппараттары, электрмен жабдықтау, түрлендіру техникасы, электр станциялары, электр желілері мен жүйелері, электр энергетикалық жүйелердің релелік қорғанысы бойынша оқу-зерттеу зетрханалары;

- жоғарғы кернеулі қондырғыларды сынақтан өткізуге арналаған  "TUR"  (Германия) фирмасының оқу-зертханалық  стендтік кешені және жоғарғы кернеулі электр қондырғылардың жағдайын бағалайтын қазіргі заманғы құралдар;

- релелік қорғаныстың зауыттық бағанасы; Siemens; АВВ, ЭКРА, Schneider elektrik фирмаларының сандық релелік қорғанысы;

-  компьютерлік-телевизиялық аудиториялар  және арнайы бағдарламамен қамтамасыз етілген компьютерлік зертханалық  класстар;

- АВВ, Таврида Электрик, Schneider elektrik, Moeller, Siemens фирмаларының кернеуі 1000 В-қа дейін және одан жоғары коммутациялық қондырғылары;

- электромонтер жұмысшы  мамандығын оқытуға арналған монтаждық шеберханалары
- «Energy Net» зертханасы
- Siemens оқу орталығы

Energo University-де оқуды бастаңыз