Энерго университетінің бакалавриат студенттері!

Толығырақ

Энерго университетінің бакал...

Жаңартылатын энергияның заманауи және инновациялық технологиялары (бейінді магистратратура)

Білім беру бағдарламасы ғылым мен техника саласындағы ғылыми-педагогикалық (оқу мерзімі 2 жыл) және бейіндік бағыттағы (оқу мерзімі 1,5 жыл) магистрлерді даярлауға бағытталған. Ғылыми-педагогикалық бағыттағы түлектерге 6М071800 – "Жаңартылатын энергияның заманауи және инновациялық технологиялары" білім беру бағдарламасы бойынша техника ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесі беріледі, ал бейіндік бағыттағы түлектерге 6М071800 – "Жаңартылатын энергияның заманауи және инновациялық технологиялары" білім беру бағдарламасы бойынша техника және технология магистрі академиялық дәрежесі беріледі.

чек иконка Оқыту тілдері: қазақ, орыс

чек иконка Түр: магистр деңгейі

Современные и инновационные технологии возобновляемой энергетики (профильная магистратура)

Жаңартылатын энергияның заманауи және инновациялық технологиялары (бейінді магистратратура)

Мақсаттар

«Жаңартылатын энергия көздерінің қазіргі заманғы және инновациялық технологиялары» білім беру бағдарламасының мақсаты – жаңартылатын энергия көздері саласында терең білім мен тәжірибелік дағдыларға ие магистрлерді даярлау. Бағдарлама кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруға, ВИЭ объектілерін жобалау, пайдалану және басқару, сондай-ақ экологиялық таза энергиямен қамтамасыз ету үшін энергетикалық жүйелерге заманауи технологияларды интеграциялауға бағытталған. Түлектер энергетика кәсіпорындары мен ғылыми-зерттеу ұйымдарында инновациялық шешімдерді әзірлеуге және енгізуге дайын болады.

Кәсіби қызмет ету саласы - жаңартылатын энергия объектілерін жобалауға, өндіруге және пайдалануға бағытталған адам қызмет көрсетудің технологиялары, құралдары, әдістері мен тәсілдерің жиынтығын қамтитын ғылым мен техника саласы.

Бітірушілердің кәсіби қызмет көрсету нысандары келесі болып табылады:

- жаңартылатын және балама көздерге негізделген энергетикалық кәсіпорындар;

- жаңартылатын энергия өндірісінің объектілірі және оларды релелік қорғауы және автоматикасы;

- өнеркәсіптік кәсіпорындар мен елді мекендерді жаңартылатын энергия көздері арқылы электрмен және жылумен қамтамасыз ету;

- алыс жерде орналасқан тұтынушыларды жаңартылатын энергиямен қамтамасыз ету;

-Перспективалы ЖЭК ресурстарын зерттеу және талдау

-Автономды ЖЭК жүйесіндегі энергияны үнемдеу

-Энергетикалық жүйеге ЖЭК интеграциясы және электрмен жабдықтау сенімділігі

-Электр машиналары және энергияны сақтау

-Технологиялық құжаттаманы әзірлеу және ЖЭК жобаларының тиімділігін бағалау

-ЖЭК энергия объектілердің кешенді пайдалану

-ЖЭК арналған қондырғыларды пайдалану ерекшеліктері

-ЖЭК жүйелеріндегі авариялық және автоматты басқару

  • ЖЭК объектілерін есептеу және жобалау
  • ЖЭК объектілерін басқару
  • Жаңартылатын энергияның заманауи технологиялары
  • Жаңартылатын энергия көздерін тиімді басқару

- «Жаңартылатын энергия көздері және энергия үнемдеу» оқу-ғылыми зертханасы, келесі заманауи зертханалық стендтері бар: желілік және автономды режимде жұмыс істейтін жел турбиналары, күн фотоэлектрлік жүйелері.

-  электр машиналары, электр аппараттары, электрмен жабдықтау, түрлендіру техникасы, электр станциялары, электр желілері мен жүйелері, электр энергетикалық жүйелердің релелік қорғанысы бойынша оқу – зерттеу зетрханалары;

- төмен және орта кернеулі электр аппараттарының зертханалары;

- институттың өндірістік зертханаларының тәжірибелік қондырғылары;

- релелік қорғаныстың зауыттық бағанасы; Siemens; АВВ, ЭКРА, Schneider elektrik РЗАСИСТЕМС фирмаларының сандық релелік қорғанысы;

- АВВ, Таврида Электрик, Schneider elektrik, Moeller, Siemens, IEK фирмаларының кернеуі 1000 В-қа дейін және одан жоғары коммутациялық қондырғылары;

-  компьютерлік-телевизиялық аудиториялар  және Power Factory DigSILENT, CHVlaboratory, PS CAD, RastrWIN, MatCad, MatLab және тағы басқа арнайы бағдарламамен қамтамасыз етілген компьютерлік зертханалық  класстар;

Energo University-де оқуды бастаңыз