Energo University мен Astel компаниясы арасындағы серіктестік аясында Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институтының Киберқауіпсіздік кафедрасында «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттерімен мамандардың кездесуі өтті.
Astel компаниясы Қазақстандағы ең ірі телеком-операторлардың бірі және телекоммуникациялық қызметтер мен сандық шешімдердің провайдері болып табылады. Компания қызметкерлері – ақпараттық қауіпсіздік операциялық орталығының бастығы Клим Гольцман, мониторинг секторының бастығы Шерхан Найманхан және аналитик Валерия Мавлютова өз тәжірибелерімен бөлісіп, студенттермен киберқауіпсіздік, жеке деректерді кибер шабуылдардан қорғау, мамандар арасында жиі аталатын Red team мен Blue team арасындағы айырмашылықтар және басқа да көптеген мәселелерді талқылады.
Кездесу соңында студенттер қызықты квизге қатысты.
Жеңімпаздар:
- Сергей Климов
- Никита Лебедев
- Аманжан Сабырғали
Astel компаниясынан фирмалық сыйлықтарға ие болды.
Студенттерді құттықтаймыз және серіктестерімізге қызықты кездесу үшін алғыс айтамыз!
Сілтемені көшіру