Энерго университетінің бакалавриат студенттері!

Толығырақ

Энерго университетінің бакал...

08.09.2024

Қазақстандағы атом энергетикасының дамуы Energo University талқылады

news.title_ru

9 қыркүйекте Energo University (Гумарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті) Қазақстанда атом энергетикасының даму мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға осы салаға мамандар дайындаумен айналысатын ғалымдар мен оқытушылар, энергетика саласының сарапшылары, бизнес өкілдері мен қоғамдық ұйымдар, энергетика мамандықтарының студенттері қатысты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар кездесу барысында Қазақстанда атом энергетикасының даму перспективаларын талқылап, бұл бағытта сапалы кадрлар даярлау мәселелеріне ерекше назар аударды.

Дөңгелек үстелге қатысушылардың бірі - «Қазақстан энергетик-инженерлер одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің бас директоры Марат Дулқаиров атап өткендей, қазіргі уақытта қазақстандықтарға, әсіресе жастарға, елде атом электр станциясын салудың қажеттілігін жеткізу өте маңызды, өйткені ол Қазақстанды ұзақ жылдар бойы сенімді және тұрақты энергиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Көпжылдық тәжірибесі бар энергетик-сарапшы, Energo университетінің Қамқоршылық кеңесі төрағасының орынбасары Серік Тютебаев бейбіт атомнан қорықпау керек екенін атап өтті. Қазіргі шынайылықта бұл Қазақстанның өсіп келе жатқан экономикасы үшін ең сенімді, қауіпсіз және маңыздысы, экологиялық таза энергия көздерінің бірі.

Energo университетінің «Жылу энергетикасы» кафедрасының профессоры Андрей Кибарин атап өткендей, университет АЭС қызмет көрсетуге мамандар даярлауға толық мүмкіндігі бар. Болашақ атом энергетиктерін тиімді даярлау мақсатында биылғы қыста Energo университеті Ядролық физика институтымен (Алматы қ.) ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Copy link Сілтемені көшіру copy link iwitter link facebook link linkedin link

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар
Предыдущий Следующий
Ұқсас жаңалықтар