Ғылым жөніндегі проректор Қуаныш Әліпбаев бастаған ғылым департаментінің делегациясы Quant Robotics LLP компаниясының басшылығымен кездесті. Quant Robotics LLP — робототехника мен автоматтандырылған жүйелерді әзірлеуге маманданған компания. Ол өнеркәсіптік автоматтандыру, жасанды интеллект және машиналық оқыту сияқты әртүрлі салаларда жұмыс істей алады. Energo University компаниямен келесі бағыттарда ынтымақтастық жасауды жоспарлап отыр:
- бірлескен зерттеулер мен әзірлемелер (R&D);
-өндірістік процестерге робототехникалық шешімдер мен бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізу;
-робототехника және озық технологияларды пайдалану бойынша тренингтер, семинарлар және консультациялар өткізу.
Сілтемені көшіру