Құрметті студенттер!
2024 жылдың 17 маусымынан бастап жазғы кезеңде біздің университеттің жатақханасына алдағы қоныстану туралы хабарлаймыз.
Келесі маңызды ақпаратқа назар аударыңыз:
- Қоныстану күні: Қоныстану 2024 жылдың 17 маусымынан басталады.
- Жатақханалар бойынша бөлу:
- Бірінші курс және колледж студенттері № 1-жатақханаға орналасады.
- Екінші, үшінші және төртінші курс студенттері №3-жатақханада тұрады.
- Қажетті құжаттар: жатақханаға орналасу кезінде келесі құжаттарды көрсету қажет:
- 075 нысанды анықтама
- 3x4 см фотосуреттер (3 дана)
- Жеке куәліктің көшірмелері (3 дана)
Егер сізде сұрақтар туындаса немесе қосымша ақпарат қажет болса, жұмыс күндері сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін (түскі үзіліс 12:00-ден 13:00-ге дейін) А корпусының 120а кабинетіне немесе +7(727) 323-11-75 (ішкі 6902) телефон нөмірі бойынша студенттермен жұмыс жөніндегі департаментке хабарласыңыз.
Сілтемені көшіру