2 қазанда АЭжБУ мен «Қазақстан Республикасы жобалық менеджерлер одағы» қауымдастығы арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға ҚР ЖМО Президенті және «АЭжБУ» КеАҚ ректоры С.С. Сагинтаева қол қойды.
Осы меморандум аясында АЭжБУ-де Жобалық басқарма құрауыштарын, SCRUM және Agile технологияларын білім бағдарламаларына қосу бойынша шаралар өткізу, сондай-ақ ОПҚ мен қауымдастықтың кәсіби мамандарымен Жобалық басқару әдісін қолдана отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстары, ғылыми жобаларды коммерцияландыру тақырыбында ынтымақтастық орнату жоспарлануда.
Студенттер мен ОПҚ өздерінің академиялық және ғылыми бағыттары аясында ЖБ заманауи аспектілеріне белсенді түрде жұмылдырылатын болады. ЖОО әкімшілігі ҚР азаматтары мен Университет студенттеріне көрсетілетін қызметтер мен ұсынылатын білім бағдарламаларының сапасын одан әрі жақсарту технологиялары мен әдістерін қолдануды күшейтуге және өзінің басқару құрамының біліктілігін арттыруға қатысады.
Сілтемені көшіру