Энерго университетінің бакалавриат студенттері!

Толығырақ

Энерго университетінің бакал...

03.09.2019

ҚР Президенті Қ.Тоқаевтің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» жолдауына АЭжБУ ректордың жауабы

news.title_ru

Біз жыл сайын Елбасының Халыққа жолдауын асыға күтеміз. Бұл құжат ел дамуының стратегиялық курсын жасаудың маңызды тетігі болып отыр, сол себепті кез келген елдегі экономиканың қалыптасуы мен дамуы, инфрақұрылымның, әлеуметтік саланың, денсаулық сақтау және білім жүйесінің дамуы сауатты стратегиялық жоспарлауға тікелей байланысты екендігі мәлім.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылы тұңғыш рет қазақстандықтарға жолдау жолдады. Бағдарламалық құжаттың мазмұны өзінің мақсатты бағыттылығымен және нақтылығымен еліміздің одан әрі дамуының негізгі векторын анықтайды. Жолдаудың әр идеясында, әр жолында және санында ел Президентінің нық сенімділігі сезіледі, ұлттық дамудың нақты есептелген стратегиясына, Елбасының сайлау алды тұғырнамасында келтірілген бастамасы мен ұсынысына, ең бастысы барлық халықтың  саясатты қолдауына негізделгендігі байқалады.

Жолдауда жастарға көбірек көңіл бөлініп, нақты жобаларды жүзеге асыру, баспанамен, жұмыспен қамтамасыз ету мәселелері қарастырылған.

Болашақ ұрпақ үшін заманауи әдістер мен технологияларды енгізу, білімге қолжетімділікті нығайту, білім саласын арттыру – Қазақстанның одан әрі дамуының кепілі болып табылады. Ұлттық білім стандартының негізі болатын сауатты, сараланған «Бағдарлау саясаты» жастардың болашағын анықтауға көмектеседі, ал жаңартылған білім бағдарламасын және мамандарды даярлаудың жаңартылған жүйесін енгізу әлемдік тәжірибелерден және үрдістерден артта қалмай «кезеңмен аяқ басуға» мүмкіндік береді. Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті 45 жыл ішінде Қазақстанның және Орталық Азияның техникалық саласы бойынша жетекші жоғары оқу орны бола отырып, сапалы және озық білімге кепілдік етеді, өзекті ғылыми зерттеулер жүргізіп, нақтылы студенттік жобаларды іске асыруда.

Біздің студенттердің университет қабырғасында алған білім маңыздылығы қолданбалы сипатқа ие және ол сандық экономика қажеттілігімен байланысқан, сала дамуының үрдісін бейнелейтін жаңа білім беру бағдарламасын қалыптастыруда байқалады, оны құруға жұмыс берушілер тікелей қатысты. Бұл жаңа қолданбалы оқу бағдарламасы 3D – жобалаумен, 3D-модельдеумен және электронды өнеркәсіппен, киберқауіпсіздігімен және жүйе қорғанысымен, экологиялық қауіпсіздікпен және дроналарды басқарумен т.б. байланысты 5G  технологиясынан және интернеттен, сандық энергетикадан және зияткерлік энергетика жүйесінен, аэроғарыштық технологиялар мен зияткерлік роботталған жүйелерден тұрады.

Бүгінгі күні ЖОО-ның бәсекеге қабілеттілігінің жалғыз объективті көрсеткіші білім беру бағдарламасы мен бітірушілеріне деген сұраныс болып табылады. Осыған байланысты АЭжБУ-дың «U-Multirank» университеттерінің халықаралық рейтингісінде «Жұмыс ортасымен ыңтымақтастық» параметрі бойынша  25 жетекші әлем университеттері қатарына кіргендігін мақтана айта аламыз (Contact to work environment) https://www.umiltirank.org/university-rankings/top-performing-universities/2019/.

Техникалық мамандықтар бойынша кадрларды дайындау сапасына әсер ететін маңызды фактор ЖОО-ның оқу-зертханалық базасын жаңа жабдықтармен жабдықтау болып табылады. Университет оны SIEMENS, ABB, Schneider Electric, Экра, Эшелон және т.б. сияқты өндірістік кәсіпкерлермен, салалық мекемелермен және ұйымдармен тығыз ынтымақтаса отырып,  студенттерге жаңа  технологиялар мен  жаңа білімді беру арқылы жүзеге асырады.

Университетте вендорлар көмегімен елімізде «Торнадо модульдік жүйесі», «Dr.Web» компанияларының бірегей және жалғыз зертханалары құрылды, «Касперский зертханасының», «Huawei», «IEC Group», «Oracle», «Hight Teach for Humon» (HTH) оқу класстары ашылды, олар зертханалық стендтермен және жабдықтар жарақталған. Нәтижесінде, студенттер заманауи жабдықтарды қолдану арқылы қажетті дағдылар мен құзіреттіліктерді игереді, сонымен қатар олардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігі артады.

Білім қызметі нарығында біздің университеттің сұраныста болуы 2000-ға жуық жастардың, соның ішінде бакалавриаттың 1661, магистратураның  189 мемлекеттік грант иегерлері еліміздің 130 ЖОО ішінен біздің университетті тандағандығымен расталады.

Елбасы жолдауының тағы бір маңыздылығы – Үкіметке экологияны жақсарту, энергияның жаңғыртылатын көздерін қолдануды кеңейту бойынша еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын жұмыстарды жеделдетуді тапсырғандығында болып отыр. Бүгінгі күні біздің университетімізде осы бағыттар бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл ретте, АЭжБУ-де «Энергияның жаңғыртылатын көздері және энергия үнемдеудегі жаңа технологиялар» орталығы, «Су технологиялары және Су-химиялық режимдер» орталығы, «Отын энергетика кешені проблемаларын зерттеу», «Энергетикалық мониторинг және сараптау», «Технологиялық процесстерді басқарудың автоматтандырылған жүйелері» ғылыми зертханалары, Электромагниттік сыйымдылық параметрлері бойынша техникалық құралдардың сынау зертханасынан және Электр шамаларын өлшеу құралдарын тексеру зертханасынан тұратын Электр техникалық орталығы, Электр зертханасы, «Зияткерлік электр энергетика жүйелері» зертханасы жұмыс істейді. Бұл аспектіде табиғатқа қамқорлықпен қарауды арттыру айтарлықтай маңызды. АЭжБУ университеттерді «көгалдандыру» жолында UL Green Metric  халықаралық рейтингісі бойынша 2000 әлем ЖОО арасында 480-і орынға ие болды, бұл рейтинг ЖОО экологиялық параметрлерін бағалайтын әлемдегі жалғыз рейтинг болып табылады http://greenmetric.ui.ac/id/overall-ranking-2018/.

Жолдаудың алдағы кезеңде Қазақстан дамуының мақсаттары мен міндеттерін айқындауда Үкімет, Парламент және тұтас қоғам үшін негізгі бағдар болып табылатынына сенемін.

Біз, Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің қызметкерлері мен студенттерінен тұратын ұжым өз кезегімізде Президентіміздің барлық бастамаларын қолдап, оларды жүзеге асыру бойынша бар күш-жігерімізді саламыз.

                                                                            АЭжБУ ректоры   С.С.Сагинтаева

Қорытындылар

Copy link Сілтемені көшіру copy link iwitter link facebook link linkedin link

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар
Предыдущий Следующий
Ұқсас жаңалықтар