Үстіміздегі жылдың 1-7 шілде аралығында Алматы энергетика және байланыс университеті (АЭжБУ) Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері кафедрасының меңгерушісі Рәт Бердібаев және кафедра профессорлары Сахыбай Тынымбаев пен Тұрғанбек Омар Украинаға ғылыми іссапар барысында бірнеше белгілі жоғарғы оқу орындарында болып, ЖОО басшыларымен, белгілі ғалымдармен маңызды кездесулер өткізді. Атап айтсақ, Украина ұлттық авиациялық университетінің (НАУ) басшылығы – профессорлар, ректор В.М. Исаенкомен, бірінші проректор В.В. Козловскиймен, ғылыми жұмыс жөніндегі проректор В.П. Харченкомен, Киев ұлттық құрылыс және сәулет университетінің (КНУБА) ректоры, профессор П.М. Куликовпен, Львов политехникалық ұлттық университетінің бірінші проректоры Р. Корцпен екі жақты ынтымақтастық меморандумы аясында бірлесіп ғылыми зерттеулер жүргізу, оқу бағдарламаларын жасау, ғылыми мамандар даярлау, академиялық ұтқырлық аясында қызметкерлер мен студенттердің тәжірибесін шыңдау мәселелері бойынша жан-жақты пікір алмасу болды. АЭжБУ өкілдері аталған университеттердің оқу-өндірістік, ғылыми-зерттеу кешендерінде болып, бірқатар ақпараттық қауіпсіздік, ақпараттық технологиялар саласының белгілі ғалымдары, ғылым докторлары – НАУ ақпараттық технологиялар қауіпсіздігі кафедрасының меңгерушісі О.Г. Корченко, декан орынбасары С. Гнатюк, А.Я. Билецкий, В.А. Хорошко, Роман Одарченко, Львов политехникалық ұлттық университеті Әлеуметтік коммуникация және ақпараттық қызмет кафедрасының меңгерушісі Андрей Пелещишинмен, Киев ұлттық техникалық университетінің профессоры И.А. Терейковскиймен екі жақты ынтымақтастықты дамыту жолдарын, кибер қауіпсіздік саласындағы ғылыми ізденіс мәселелерін талқылады.
АЭжБУ өкілдері Украина ғалымдарымен бірлесіп, Львов қаласында өткен халықаралық IEEE Ukrcon-2019 конференциясының жұмысына қатысып, мемлекеттік тапсырыс бойынша орындалып жатқан «Инфокоммуникациялық желілер мен жүйелер бойынша ақпарат тасымалдау кезінде ақпаратты криптографиялық қорғауға арналған программалық және программалық-аппараттық құрылғылар әзірлеу» атты ғылыми жобаның нәтижелері бойынша баяндама жасады.
Кездесу барысы жайлы Украина ЖОО-лары өздерінің web-сайттары, әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы ақпарат таратты.
https://nau.edu.ua/ua/news/2019/7/spivpratsya-z-kazahstanom-trivae.html
http://www.knuba.edu.ua/?p=55217
https://www.facebook.com/sergiy.gnatyuk/posts/2140230262934957
Сілтемені көшіру