Энерго университетінің бакалавриат студенттері!

Толығырақ

Энерго университетінің бакал...

12.02.2020

Бостандық ауданы әкімінің халық алдындағы есеп беру кездесуі Ғ.Дәукеев атындағы АЭжБУ қабырғасында өтті

news.title_ru

2020 жылдың 6 ақпанында Бостандық ауданы әкімінің халық алдындағы  төртінші есеп беру кездесуі өтті. Кездесу «тыңдайтын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында өткізілді.

Ғ. Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің үлкен, жайлы акт залында аудан әкімінің тұрғындармен кездесуі ұйымдастырылды. Іс-шараға университет басшылығы, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мухит Азирбаев, Алматы қ. Мәслихатының депутаты К. Аршавин, аудан әкімінің орынбасарлары, қалалық және аудандық қызметтердің басшылары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, ардагерлер, АЭжБУ оқытушылары мен студенттері, аудан тұрғындары қатысты.

Аудан әкімі Алтай Рахимбетов өзіне сеніп тапсырылған әкімшілік-аумақтық бірліктің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп беріп, таныстырылым жасады. Баяндама барысында әкім қол жеткізілген көрсеткіштер, қала тұрғындарының бұрын айтылған мәселелері қалай шешіліп жатқаны туралы, сондай-ақ алдағы жылға арналған жұмыс келешегін атап өтті. Кездесу барысында қатысушылар аудан басшысына сұрақтарын қойды. Тұрғындардан аулаларды көріктендіру, коммуналдық және инженерлік инфрақұрылым бойынша көптеген сұрақтар болды.

Кездесуден кейін де ниет білдірушілердің барлығы әкімге және әкімдік қызметкерлеріне сұрақ қоя алды. Барлық сұрақтар жазылып, бақылауға алынды.

Copy link Сілтемені көшіру copy link iwitter link facebook link linkedin link

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар
Предыдущий Следующий
Ұқсас жаңалықтар