Энерго университетінің бакалавриат студенттері!

Толығырақ

Энерго университетінің бакал...

12.02.2020

АЭжБУ Академиялық қызмет жөніндегі проректоры «Жаһандық экономиканың цифрлық болашағы» халықаралық форумына қатысты

news.title_ru

2020 жылдың 31 қаңтарында Алматы қаласында «Жаһандық экономиканың цифрлық болашағы»  Халықаралық форумы (бұдан әрі – Форум) өтті, оған Академиялық қызмет жөніндегі проректор Сергей Владимирович Коньшин қатысты.

Форумның мақсаты цифрландыру саласындағы өзекті мәселелерді талқылау үшін платформаны қамтамасыз ету, сондай-ақ цифрлық күн тәртібінде өңірлік ынтымақтастықты кеңейту болып табылады.

Форумның негізгі тақырыбы – тұрақты өңірді құрудағы жасанды интеллект пен үлкен мәліметтердің рөлі. Талқылау барысында жасанды интеллект және үлкен мәліметтер саласындағы ынтымақтастықты дамыту, ЕЭО цифрлық күн тәртібін жүзеге асыру, жаңа технологияларды дамыту үшін инфрақұрылым құру және осы саладағы білім беру бағдарламаларын ілгерілету сияқты мәселелер қозғалады.

Форум жұмысына Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің Премьер-Министрлері, Еуразиялық экономикалық комиссияның Төрағасы мен Алқа мүшелері (Министрлері), танылған халықаралық сарапшылар, бизнес – қауымдастық өкілдері, инвесторлар мен БАҚ қатысады.

Сондай-ақ Форум аясында Еуразиялық экономикалық комиссиямен бірлесіп «ЕЭО цифрлық трансформация векторлары: 2020-2022» тақырыбында панельдік сессия өткізіледі.

 

Copy link Сілтемені көшіру copy link iwitter link facebook link linkedin link

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар
Предыдущий Следующий
Ұқсас жаңалықтар