2020 жылдың 29 қаңтарында Халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық департаментінің (ХЫАҰД) ұйымдастыруымен шетел студенттерімен кездесу өтті.
ХЫАҰД директоры Мадина Бирлесовна Алиярова және ХЫАҰД жетекші маманы Дана Мадиярқызы Искакова 2020 жылдың 11 қаңтарында күшіне енген ҚР аумағына шетел азаматтарының келуі мен шығуының жаңа ережелеріне байланысты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Жаңа ережелерге сәйкес, АЭжБУ әрбір шетелдік студенті ХЫАҰД қызметкерлерін 3 күнтізбелік күн ішінде өзінің келуі туралы хабардар етуге міндетті. Тіркеу үдерісі өзгерген жоқ.
Сілтемені көшіру