2019 жылдың 1 қарашасында АЭжБУ Қамқоршылар кеңесінің екінші отырысы өтті, онда 2019/20 оқу жылына 16 мұқтаж студентке (жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар) Қауымдастық қорынан 2 688 000 теңге сомасында материалдық көмек сомасы қарастырылды және бекітілді.
Үш студентке төменде көрсетілген демеушілер атынан сомасы 504 000 теңгені құрайтын атаулы стипендиялар тағайындалды: «Завод Электрокабель» ЖШС Бас директоры Борис Владимирович Артеменко, АЭИ түлегі, Қамқоршылар кеңесінің мүшесі; Андрей Анатольевич Кибарин, АЭИ түлегі, АЭжБУ Жылу энергетикалық қондырғылар кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., АЭжБУ профессоры; «Crypto Consulting Group» СЕО криптотрейдер Өмірұзак Кенжебекұлы Кенжебеков, АЭжБУ түлегі.
«АЭжБУ» КеАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Серікбек Жүсүпбекұлы Дәукей Қазақстанның энергетикалық секторында әлеуметтік белсенді инженерлерді дайындауға қосқан елеулі үлесі үшін «ҚазэнергоКәсіподақ» ҚБ атынан «Құрмет белгісі» медалімен марапатталды.
Сонымен қатар энергетика және IT-технологиялар саласында білім алушыларды қосымша сертификаттау мәселелері қаралды.
АЭжБУ 45 жылдығын өткізу бойынша іс-шаралар жоспары.
Сілтемені көшіру