Energo University және «Kaz Rockets» қоғамдық қоры университеттің 50 жылдық мерейтойына орай 9-12 сынып оқушыларына арналған SolidWorks бағдарламасы бойынша тегін мастер-класстар сериясын іске қосты.
Екі апталық курста оқушыларды 3D модельдеудің және графикалық дизайнның негіздеріне үйретеді. Мастер-класстарды Energo University-дің Коммуникациялық және ғарыштық инженерия институтының «Ғарыштық техника және технологиялар» мамандығы бойынша 1-курс магистранттары: Жуламанова Гүльмира мен Мұқашева Амина өткізеді.
Мектеп оқушылары цифрлық модельдерді жасауға мүмкіндік алып, қазіргі заманғы технологиялар мен бағдарламалық жасақтаманы пайдалана отырып, графикалық жобаларды әзірлеуді үйренеді.
Оқу бағдарламасы шығармашылық қабілеттерін дамытқысы келетіндерге және архитектура мен дизайннан бастап, анимация мен бейнеойындарға дейінгі әртүрлі салаларда сұранысқа ие озық дағдыларды меңгергісі келетіндерге бағытталған.
Оқиғалар
Сілтемені көшіру