Energo University Энергетика және жасыл технологиялар институтының Электр энергетика кафедрасының өкілдері - кафедра меңгерушісі, қауымдастырылған профессоры- Ернар Амитов және профессор - Ертуған Өмбетқұлов ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде тәжірибе алмасу және ынтымақтастық орнату мақсатында Томск политехникалық университеті мен «НТЦ ФСК ЕЭС» АҚ СибНИИ Энергетиканың Новосібір филиалына барды.
Профессорлар өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін ғылыми-зерттеу және шаруашылық келісімшарттық жұмыстарды орындауға мүмкіндік беретін жоғары және аса жоғары кернеулі заманауи сынақ стендтерімен танысты. Energo University өкілдері Томск политехникалық университетінің Жоғары кернеулі және композициялық материалдар ғылыми-өндірістік зертханалары мен Инженерлік энергетика мектебіндегі ресейлік әріптестерімен кездесу барысында білім беру және ғылыми жобалар бойынша бірлескен жұмыстың жаңа бағыттарын белгіледі.
– Сондай-ақ біз СибНИИ Энергетиканың Физикалық модельдеу және сынақтар бөлімі зертханасымен серіктестік байланыс орнаттық. Мұның бәрі біздің кафедрамыздың ғылыми-зерттеу және білім беру қызметінің дамуына оң әсер етуі тиіс, – деп атап өтті Ернар Амитов.
Халықаралық ынтымақтастық
Сілтемені көшіру