29 қазанда Energo University мен Ashyq Aspan Foundation ғылыми-білім беру қоғамдық қоры бірлесіп FPV-дрондардың мүмкіндіктерін көрсету іс-шарасын өткізді.
Қатысушылар ең соңғы FPV-дрон модельдерінің жұмысын көрді: пилоттар әртүрлі айлаларды орындап, қазіргі заманғы ұшқышсыз ұшу аппараттарының қандай қабілетке ие екенін көрсетті.
– FPV (First Person View) дрондар технологиясы әлемінде жыл сайын жаңа мүмкіндіктер мен жетістіктер пайда болады. Мұндай дрондардың мүмкіндіктерін көрсету іс-шаралары біздің университетімізде өткізіп, студенттер мен оқытушыларға барлық жаңалықтарды егжей-тегжейлі зерттеуге, кәсіби мамандармен тәжірибе алмасу үшін сөйлесуге мүмкіндік беретіні қуантады, – деп атап өтті Energo University Коммуникациялық және ғарыштық инженерия институтының директоры Альнура Омарбекова.
Оқиғалар
Ғылыми қызмет
Сілтемені көшіру