Energo University-де «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» білім беру бағдарламасы бойынша 3-курста білім алатын студенттер елдегі ең ірі телекоммуникациялық компания – «Казахтелеком» АҚ өкілдерімен кездесті.
Кездесу барысында компанияның жетекші мамандары ауқымды «SAPA+» жобасы туралы ақпарат беріп, қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған жобаға қатысты қызықтыратын сұрақтарды талқылады.
Сонымен қатар, жоба аясында студенттерге оқу процесін компаниядағы шартты негізде жұмыс істеумен үйлестіруге мүмкіндік берілді. Осылайша, жастар оқу үдерісінен қол үзбей-ақ өз мамандықтары бойынша практикалық дағдыларды игеріп, әрбір тұтынушыға тұрақты және жоғары жылдамдықты интернетті қамтамасыз ететін қосымша жабдықтармен жұмыс істеу тәжірибесін алуда.
Университет пен ірі компания арасындағы осындай өзара әрекеттестік нысаны студенттерге оқуды аяқтағаннан кейін бірден «Казахтелекомда» толыққанды білікті қызметкер ретінде мансабын жалғастыруға мүмкіндікті береді.
Ғылыми қызмет
Студенттік өмір
Сілтемені көшіру