21 қазанда Energo University-де Студенттермен жұмыс жөніндегі департаменттің бастамасы бойынша 1-курс студенттерінің Алматы қаласының Бостандық ауданының ЖПҚО ПБ бастығы – полиция капитаны Кажатбеков Айбекпен, №58 ЖПБ бөлімшелік инспекторы – Азикенов Даниярмен және полиция майоры - Оспанбаев Ернурмен кездесуі өтті.
Жанжалдардың, балағат сөздердің, ақша жинаудың және жерлестіктің алдын алуы-қоғамдық тәртіп пен әл-ауқатты қамтамасыз етудің маңызды аспектілері.
Кездесу барысында төбелес пен агрессивті мінез-құлықтың алдын алуы, сондай-ақ барлық студенттер үшін қауіпсіз және жайлы жағдай жасауға көмектесетін тиімді алдын алу шаралары талқыланды.
Оқиғалар
Студенттік өмір
Сілтемені көшіру