Energo University ректоры Нығыметов Ғани университеттің профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесіп, 6 ай бойы атқарған жұмысын қорытындылады.
Ғани Сақтағанұлы білім беру процесінің сапасын арттыруға, халықаралық серіктестіктерді дамытуға, ЖОО-ның материалдық-техникалық базасын жаңартуға бағытталған қызметтің негізгі нәтижелері туралы баяндады.
Ол оқу жүктемесінің өзгеруі туралы, атап айтқанда: оқытушылардың жалақысының өсуін қамтамасыз етуге, эдвайзерлердің оқу процесіне оралуына және сабақ барысында студенттермен жақсы қарым - қатынасты қамтамасыз етуге арналған оқытушылардың көмекшісі-жаңа лауазымдарын енгізуге мүмкіндік бергендігі жайлы айтып берді.
Өз сөзінде ректор ЖОО-ның жұмыс істеп тұрған корпустарындағы жөндеу нәтижелері, Анхальт неміс қолданбалы ғылымдар университетінің филиалының ашылуы және Қаскелеңде жаңа кампус салу бойынша дайындық жұмыстары туралы есеп берді. Сондай-ақ кездесу аясында Нығыметов Ғани оқытушылардың сұрақтарына жауап берді.
Оқиғалар
Сілтемені көшіру