Энерго университетінің бакалавриат студенттері!

Толығырақ

Энерго университетінің бакал...

08.10.2024

Fortinet және X-net компаниялары Energo University-де ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі зертхананы жабдықтады

news.title_ru

9 қазанда Energo University-де Fortinet және X-net компаниялары жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді ұсынған ақпараттық қауіпсіздік бойынша оқу зертханасы ашылды.

Fortinet – киберқауіпсіздік шешімдерін шығаратын әлемдік көшбасшылардың бірі. X-net – Қазақстандағы IT-интегратор, компьютерлік және бағдарламалық технологиялар саласындағы танымал шетелдік компаниялардың ресми серіктесі, түрлі ақпараттық жүйелерді жеткізу, баптау және қолдау бойынша қызметтерді көрсетеді.

Оқу зертханасы Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институтының киберқауіпсіздік кафедрасы негізінде құрылды. Ашылу рәсіміне Energo University-дің Академиялық қызмет жөніндегі проректоры Айбек Жұпанхан, Fortinet компаниясының өкілі Елжан Насипов және X-net компаниясының даму жөніндегі директоры Вячеслав Ким қатысты.

Ашылу кезінде атап өтілгендей, заманауи жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етуде білім алу «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» және «Қаржы құрылымдарының ақпараттық қауіпсіздігі» мамандықтары бойынша білім алатын студенттердің Energo University-ді бітіргеннен кейінгі еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

Сонымен қатар, Fortinet компаниясы Университетпен ынтымақтастық аясында студенттерге өздерінің ақпараттық және оқу ресурстарына қолжетімділікті береді. Серіктестік қатынастарды дамытудағы алғашқы қадам ретінде киберқауіпсіздік кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы үшін жақын арада біліктілікті арттыру тренингі ұйымдастырылатын болады.

Қорытындылар

Copy link Сілтемені көшіру copy link iwitter link facebook link linkedin link

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар
Предыдущий Следующий
Ұқсас жаңалықтар