Energo University-де Қазақстанда АЭС салу туралы референдумның қорытындысы бойынша кездесу өтті.
Атом энергетикасы саласындағы сарапшылар, ғалымдар, оқытушылар және студенттер атом электр станциясы үшін кадрларды даярлау және елдегі энергетика саласының даму көріністері мәселелерін талқылады.
«АЭС салу туралы референдум біздің еліміздің энергетикалық тәуелсіздігі мен тұрақты дамуы жолындағы маңызды қадам болды. Бүгінде, халықтың 70%-дан астамы жобаны қолдаған кезде, бізге тек құрылысты бастау ғана емес, сонымен қатар болашақта осы күрделі, бірақ қажетті инфрақұрылымды басқаратын жас мамандарды дайындау міндеті тұр. Жастар – Қазақстан атом энергетикасының болашағы. Ал университеттер осы салада жұмыс істеу үшін қажетті құзыреттіліктерді қалыптастыруда маңызды рөл атқарады», – деп атап өтті Орталық Азиядағы New Nuclear Watch Institute консультациялық кеңесінің төрағасы Бауржан Ибраев.
Energo University өкілдерінің айтуынша, университетте сапалы профессорлық-оқытушылық құрам мен жақсы зертханалық база сияқты мүмкіндіктер бар, соның арқасында болашақта мамандар АЭС-те жұмыс істей алады.
Сілтемені көшіру