Energo University студенттері Алматы қаласында American Space & Maker Space филиалында өткен NASA Space Apps Challenge үшінші ғаламдық хакатонда үздік болды.
NASA Space Apps Challenge — бұл АҚШ-тың Ұлттық аэроғарыш агенттігі (NASA) ұйымдастырған және әлемнің 200-ден астам қалаларында өтетін ғаламдық хакатон. Іс-шара барысында қатысушылар Жер мен ғарышта адамзаттың алдында тұрған өзекті мәселелерге инновациялық шешімдер жасайды.
Алматы хакатонына қатысқан 33 командаға 21 тақырып ұсынылды. Energo University командасы, Коммуникациялық және ғарыштық инженерия институтының студенттері мен AUES колледжінің оқушылары, «Ауыл шаруашылығындағы негізделген шешімдерді қабылдау үшін Жерді бақылау деректерін пайдалану» тақырыбын таңдады. Команданың жобасы ADB (AgriDataBase) деп аталды. Оның мақсаты — Қазақстанда ауыл шаруашылығына кешенді цифрландыруды енгізу. Студенттер ауыл шаруашылығы және агробизнес мамандарына арналған қосымшаны әзірледі. Екі күндік хакатонның нәтижесінде Energo University командасының жұмысы Алматыдағы үздік жоба деп танылды! Енді команда өз жобасын NASA-ның халықаралық байқауына ұсынды.
Energo University командасын құттықтаймыз:
Мария Федотова («Жүйелік инженерия», 2 курс, бакалавр), Амина Мұқашева және Гүлмира Жұламанова («Ғарыштық техника және технологиялар», 1 курс, магистратура), Арсений Бродников («Аэроғарыштық инженерия», 1 курс, бакалавр), Айбек Жебеген және Дмитрий Попов («Есептеу техникасы», 2 курс, колледж)!
Жаңа жеңістер тілейміз! Осы қарқында жалғастыра беріңіздер!
Сілтемені көшіру