Energo University-дегі EnergyNet зертханасының алаңында «Модернизация сетей питания Мунайлинского района. Продукты и решения Tаврида Электрик» тақырыбында электр энергиясын тарату технологиялары күні өтті.
Қатысушылар электр энергиясын таратудың болашағын өзгертетін Таврида Электрик компаниясының соңғы шешімдері туралы білді. Geoproject бағдарламалық кешенінен бастап автокластерлік желілер мен реклоузерлер сияқты инновациялық шешімдерге дейінгі озық технологиялармен танысты. Мұнайлы ауданының қуат көздерін жаңғыртудың нақты кейсін мысал ретінде талдай отырып, электрмен жабдықтауды жақсарту туралы тәжірибелік білім алдық.
Ғылыми қызмет
Сілтемені көшіру