Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті (Energo University) мен Xinхiang University стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Құжат Energo University делегациясының Қытайға жұмыс сапары аясында ректор Ғани Нығыметов пен қытай университетінің президенті Ван Сяоцзюньмен ресми түрде бекітілді.
Қазақстандық және қытайлық жетекші техникалық жоғары оқу орындарының серіктестігі студенттермен алмасуды, бірлескен ғылыми тағылымдамаларды ұйымдастыруды, сондай-ақ электрмобиль көлігі және жаңа батареялар саласындағы зерттеулер жөніндегі инженерлік зертхананың бірлескен ашылуын анықтауды көздейді.
Xinxiang University Қытайдың автомобиль өнеркәсібінің негізгі орталығы — Хэнань провинциясында орналасқан. Мұнда BYD және Yutong сияқты электрмобильдер өндірісінің әлемдік көшбасшылары жұмыс істейді, бұл осы саладағы серіктестік үшін үлкен перспективалар ашады.
- Бірлескен зертхана құру болашақ мамандарды даярлау және бүгінгі таңда әлемдегі ең қарқынды дамып келе жатқан бағыттардың бірі болып табылатын жаңа энергетика, электрмобиль көлігі саласындағы зерттеулерді ілгерілету үшін маңызды қадам болады, - деп атап өтті Ғани Нығыметов.
Қытайдың жетекші техникалық жоғары оқу орнымен ынтымақтастық Energo University-дің Орталық Азиядағы позициясын нығайтады және екі елдің студенттері мен оқытушылары үшін жаңа мүмкіндіктер тудырады.
Халықаралық ынтымақтастық
Сілтемені көшіру