Energo University-дің ректоры Ғани Нығыметов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мерейтойлық медалімен марапатталды. Марапатты Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары Жаркын Галымов табыстады.
Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі құрылғанына 10 жыл толуын атап өтуде. Осы жылдар ішінде Агенттік елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізуде: түрлі ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары, заң консультациялары, оның ішінде жоғары оқу орындарында дәрістер өткізіледі.
Energo University-дің ректоры Ғани Нығыметов әділдік пен академиялық адалдық қағидаттарын ілгерілетуге өз үлесін қосып, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қоғамдық кеңесінің құрамына кіреді.
Оқиғалар
Сілтемені көшіру