Энерго университетінің бакалавриат студенттері!

Толығырақ

Энерго университетінің бакал...

Оқиғалар 23.12.2024

Ірі медициналық компаниялар EU бағдарламасына қызығушылық танытады

news.title_ru

Energo University-де ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ведомстволық бағынышты ұйымдарының өкілдерімен «Биотехникалық және медициналық жүйелер мен құрылғылар» мамандығы шеңберінде медициналық техникаға сервистік қызмет көрсету бойынша мамандар даярлау мәселелері бойынша кездесу өтті.

Кездесу Денсаулық сақтау министрлігі өкілдерінің бастамасымен өтті. Кадрларды даярлау мәселелерін талқылауға Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының медициналық бұйымдарды сараптау департаментінің басшысы Алтынбек Нурмуханов, «Қазмедтех» АҚ департаментінің директоры Николай Палинка және «СК-Фармация» басқарма төрағасының орынбасары Руслан Нурмуханов қатысты.

Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институтының директоры Игорь Федоренко және «Биотехникалық және медициналық жүйелер мен құрылғылар» білім беру бағдарламасының жетекшісі профессор Сарсенбек Жусупбеков оқу барысын ұйымдастыру туралы айтып берді. Сондай-ақ, Министрлік өкілдері осы мамандық бойынша кітапхана қорының жаңалықтарымен танысып, медициналық жабдықтармен байланысты оқу зертханаларында болды.

- «Биотехникалық және медициналық жүйелер мен құрылғылар» мамандығы бойынша оқыту Energo University-де 2022 жылдан бастап қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі, - деді Игорь Федоренко. - Студенттердің «Биомедициналық техника» мамандығы бойынша Анхальт университетінің (Германия) дипломын алуға мүмкіндігі бар.

Кездесу қорытындысы бойынша кадрларды даярлау, оның ішінде медициналық техникаға сервистік қызмет көрсету бойынша мамандардың біліктілігін арттыру мәселелерінде ынтымақтастықты дамыту туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Қорытындылар

 

Оқиғалар

Copy link Сілтемені көшіру copy link iwitter link facebook link linkedin link

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар
Предыдущий Следующий
Ұқсас жаңалықтар