Ғылым жөніндегі проректор Куаныш Алипбаевтің басқаруымен Energo University-дің делегациясы «Атамекен» ҚР ҰКП қолдауымен Астанада 23 желтоқсанда өткен «ҚазЭнергоОТӨ-2024» отандық тауар өндірушілердің бірінші Қазақстандық энергетикалық форумына қатысты.
Форумға барлық мүдделі тараптар қатысты: мемлекеттік органдар мен ұйымдар, квазимемлекеттік сектор компаниялары, банктер мен қорлар, қауымдастықтар мен одақтар, сондай-ақ энергетика саласының өкілдері.
Куаныш Алипбаев «Жергілікті өндірістің тұрақты дамуындағы білім және ғылым мекемелерінің рөлі» сессиясы шеңберінде «Ғылым мен энергетика секторының отандық тауар өндірушілерін дамыту аясында мамандар даярлауға қойылатын заманауи талаптар» тақырыбында баяндама жасады.
Ғылыми қызмет
Сілтемені көшіру