Энерго университетінің бакалавриат студенттері!

Толығырақ

Энерго университетінің бакал...

Profile Picture

Ректор

2024

Ныгыметов Гани Сактаганович

Руководство
Profile Picture

Гани Нығметов 1983 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін (халықаралық қатынастар саласының маманы), АҚШ-тағы Монтерей халықаралық зерттеулер институтын (мемлекеттік басқару магистрі), сондай-ақ Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебін (іскерлік әкімшілік магистрі) тәмамдаған. Гарвард университетінің Кеннеди басқару мектебінде және Сингапурдың Ұлттық университетінде басшыларға арналған біліктілікті арттыру курстарынан өткен.


 

Еңбек жолы

Еңбек жолын Нью-Йорктегі БҰҰ Даму бағдарламасының штаб-пәтерінде тағылымгер болып бастаған.

2007-2009 жылдары – ҚР Үкіметі мен Ұлттық банкінің жанындағы «Ұлттық талдау орталығы» АҚ мемлекеттік басқару департаментінің жоба менеджері.

2010-2013 жылдары – Назарбаев Университетінің халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры, Назарбаев Университетінің Энергетикалық зерттеулер орталығының бас директорының орынбасары.

2013-2016 жылдары – ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті.

2016-2018 жылдары – «Стратегиялық бастамалар орталығы» ЖШС атқарушы директоры, «Еуразиялық интеграция институты» ЖШС директоры.

2018 жылдан 2020 жылдың мамырына дейін – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі.

2020-2022 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

2022 жылы – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы болып тағайындалды.

2023 жылдың қаңтар айынан бастап – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарды.